Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Қорғау Агенттігі (Монополияға Қарсы Агенттік)

Архив новостей


Тауар нарықтарындағы бәсекелестік қандай деңгейде?



GISMETEO: Погода по г.Астана

Курсы валют Нацбанка РК
prodengi.kz
Логин:


Пароль:









 

 «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 
20 жылы»

«20 лет мира и созидания»


Басты бет » Жаңалықтар

Жаңалықтар таспасы

Ақпараттық хабарлама

13 қыркүйектің 2011 ж.

2011 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінде (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) Еуропалық Одақ (ЕО) қаржыландыратын «Сауда саясаты және оны іске асыру құралдары мәселелеріне көмек көрсету» жобасы шеңберінде ЕО мен Қазақстандағы сатылас шектеулерге қатысты бәсекелес саясат мәселелері жөнінде семинар өтті.

Агенттік төрағасы семинар тақырыбының өзектілігін атап өтті, себебі сатылас шектеулер бәсекелес нарықты құруда негізгі кедергілердің бірі болып табылады.

Қазақстандағы ЕО делегациясы тарапынан жобалау менеджері Александр Даррас құттықтау сөз сөйледі, ол жобаның мақсаты Қазақстанның әлемдік экономикаға одан әрі кірігуіне, ең алдымен, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қолдау көрсету болып табылатынын атап көрсетті.

Семинар барысында аға сарапшы Массимилиано Ганги ЕО-ның Бәсекелестікті қорғау туралы Заңын іске асыру кезінде сатылас шектеулерге қатысты негізгі қағидаттарды, заңнамалық ережелерді және ішкі рәсімдерді түсіндірді, бірқатар гипотетикалық жағдайлар мысалдары қаралды.

Семинарға қатысушылар осыған ұқсас семинарларды өткізудің қажеттілігі туралы пікір білдірді, ЕО тәжірибесі Қазақстан үшін маңызды. Бәсекелес саясаттың қазақстандық нормаларын жетілдіру, оларды жетекші халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру қазақстандық нарықта нағыз бәсекелестікке жағдайлар жасауға мүмкiндiк береді.

 

 


артқа
test