Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Қорғау Агенттігі (Монополияға Қарсы Агенттік)

Архив новостей


Тауар нарықтарындағы бәсекелестік қандай деңгейде?



GISMETEO: Погода по г.Астана

Курсы валют Нацбанка РК
prodengi.kz
Логин:


Пароль:









 

 «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 
20 жылы»

«20 лет мира и созидания»


Басты бет » Жаңалықтар

Жаңалықтар таспасы

Баспасөз-релизі

16 қыркүйектің 2011 ж.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінде (Монополияға қарсы агенттік) Әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті.

 

Отырыста монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтары туралы мәліметтерді алын ала қараудың нәтижесі қаралды.

 

Әдістемелік кеңесте мұнай өнімдерінің көтерме саудада өнім берушілерінің қызметін, оның ішінде ЖЖМ көтерме сауда нарығында тапшылық себептерін және  баға негізділігін талдау нәтижелері қаралды.

 

ЖЖМ көтерме сауда операторларының түсініктемесі бойынша мұнай өнімдерінің қымбаттауының негізгі себебі мұнай құнының көтерілуі болып табылады.

 

Ағымдағы жылғы сәуір мен маусым аралығы кезеңінде мұнай сатып алудың өсімін аталған талдау аясында МӨЗ-нан мұнай алыс-берісшілері өткізген дайын мұнай өнімдерінің құнымен салыстырылды. Ол мұнай өнімдері көтерме сауда нарығының  субъектілері ЖЖМ-ға белгілеген баға динамикасы мұнай бағасының динамикасына бара-бар еместігін көрсетті.

 

ЖЖМ көтерме сауда нарығының жекелеген ірі субъектілері, оның ішінде «Санойл» ЖШС, «Невтяная компания КОР» АҚ, «Refinery Company RT» ЖШС, мұнайды сатып алу бағасы төмендеген кезде ЖЖМ өткізу ұлғайды.

 

Басқа нарық субъектілері ЖЖМ құнын «Интерди» ЖШС, «Petroleum Operating» ЖШС – мұнай сатып алу бағасын пропорционалды емес  көтеру арқылы ұлғайтты.

 

Мысалы, компаниялардың бірі мұнайға бағаны 20,1%-ға төмендеткенде, дизель отынының құны 32%-ға ұлғайды, мұнайға бағаны 4,12%-ға көтерген кезде АИ-92 маркалы бензинге баға 24, 62%-ға ұлғайды және т.б.

 

ЖЖМ нарық субъектілерінің аталған іс-қимылдарында Әдістемелік кеңес монополияға қарсы заңнаманың бағаны белгілеуден және қолдаудан көрінетін бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдарды жасау бөлігіндегі бұзушылықтар белгісін қарады.

 

Осыған ұқсас бұзушылық белгілері - мұнай өңдеу көлемдеріне жүргізілген талдау барысында жекелеген нарық субъектілерінің оларды елеулі төмендеткені анықталды («ҚазМұнайГаз-Өнімдері» АҚ, «ПетроҚазақстан» сауда үйі» ЖШС, «ПЕТРОЧАЙНА ИНТЕРНЕШНЛ КАЗАХСТАН» ЖШС, «МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ ЛТД» ЖШС).

 

Бұдан басқа, мұнай өңдейтін зауыттарда алыс-беріс ұйымдары мұнай өңдеуді төмендетті: «РД «ҚазМұнайгаз» АҚ, «Inter Oil» ЖШС, «Petroleum Operating» ЖШС, «Premium Trage» ЖШС, «MKAO Oil» ЖШС,   «Interdi» ЖШС, «Мега Ойл Продукт» ЖШС, «САНОЙЛ» ЖШС, «Вист Групп» ЖШС, «ЕрТранс Коммерц Ойл» ЖШС, сондай-ақ ПКОП:  « LITASCO SA» КОМПАНИЯСЫ, «САНОЙЛ»   ЖШС, «Невтянаня компания «КОР» АҚ, «АЛЕМ ТРЕЙДИНГ» ЖШС, «Petroleum Operating» ЖШС, «ҚазМұнайТрейдЭкспо» ЖШС, «ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС, «Тор Маркет» ЖШС, «ПОБЕДИТ ГРУПП» ЖШС.

 

Осыған орай, ЖЖМ-ның бүгінгі күнгі тапшылығының алғышарты мұнай өнімдерін өндіру көлемінің төмендеуін көре отырып, Әдістемелік кеңес өндірісті негізсіз шектеуге бағытталған бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдар жасау белгілері («Бәсекелестік туралы» ҚРЗ 11-бабы) бойынша көрсетілген нарық субъектілеріне қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы туралы мәліметтерді алдын ала қарау рәсімін бастау туралы шешім қабылдады.

 

Бағалау компанияларды қорғау және заңды мүдделері үшін құрылған комерциялық емес ұйым бола тұра, бағалау жұмыстарына баға белгілеуді реттеу функциялары, сондай-ақ бағалау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензияны қайтарып алу құқығы болмаса да, таривтік келісім жасап, бағалау компаниясына осы бірыңғай тарифтік келісімді қолдануға міндеттеген, ал оны орындамаған жағдайда, «Республикалық бағалаушылар орталығы» ЗТБ (бұдан әрі - РБО)  кейіннен лицензияны қайтарып алып, Палатадан шығарып тастайтыны туралы ескерткен РБО-ға қатысты алдын ала қарау жүргізілді.

 

Әдістемелік  кеңес БРП-ның бағалау компанияларын бірыңғай тарифтік келісім ұстануға міндеттеу бойынша  іс-қимылдарынан  «Бәсекелестік туралы» ҚРЗ-ның 10-бабы 2-тармағында тыйым салынған бағалау компанияларының қызметінде жол берілмеуге тиіс жағдайларды анықтады.

 

«Вокзал-Сервис» АҚ-на қатысты тергеу жүргізу туралы шешім қабылданды, өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланып, вокзал аумағындағы кәсіпорын – Шығыс Қазақстан облысының қала маңындағы хабарламалары бойынша анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету бойынша әлеуетті бәсекелеске жетуіне шек қойған.

Қарау барысында ЖК «Гадиров» (бұдан әрі - ЖК) тарапынан жосықсыз бәсекелестік белгілері анықталды.

 

Құрғақ құрылыс қоспаларын өндірумен және сатумен айналыса отырып, ЖК басқа өндірушіге тиесілі тауар белгілерін заңсыз пайдаланған («Бәсекелестік туралы» ҚРЗ 16-бабы 2-тармағы (1-тт.)

 

Алдын ала қарауда «Житикаракоммунэнерго» МҚК-ы тұтынушылардың құқығына қысым жасау бөлігінде («Бәсекелестік туралы» ҚРЗ-ның 13-бабы) үстем жағдайын теріс пайдаланған белгілер анықталды.

 

Агенттікке келіп түскен шағымдарды қарау нәтижесін зерделеп, Әдістемелік кеңес ТҚ-9-дан үш фазалы тоқ қабылдағыштарды электрмен жабдықтауға азамат-тұтынушымен шарт жасасудан негізсіз бас тартқаны туралы қорытынды шығарылды, өйткені қарау процесінде оны жасасу үшін бос (жеткілікті) қуат болғаны анықталды.

 

Сондай-ақ аталған шарттарды жасасу үшін берілетін құжаттар пакетіне түрлі талаптар қою бөлігінде бұзушылықтар анықталды.

 

Тергеу әлі аяқталмағанына қарамастан, доминант қажетті шартты жасасып, тұтынушының құқығы қалпына келтірілді.

 

Еттің өзіндік құнында құрама жем мен кебек  бағасының ерекше мәні бар екенін назарға алып, Агенттік құрама жем мен кебекті көтерме саудада сату нарығына талдау жүргізді.

 

Жүргізілген талдаудың нәтижелерін қарап, Әдістемелік кеңес Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің (бұдан әрі - Тізілім) оған аталған нарықтың ірі субъектілерін енгізу бөлігіне қажетті өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Тізілімде субъектілердің болуы кәсіпкерлердің нарықта көшбасшы ұстанымда екендігін және өзінің үстем/монополиялық жағдайын теріс пайдалануға жол бермейтіндігін көрсетеді.

 

Әдістемелік кеңес жаңа кәсіпорындар құруға, сондай-ақ мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың одан әрі қызметіне келісім беру туралы өтінішті қарады.

 

Бұл ретте, бәсекелестіктің даму деңгейін ескеріп және оны шектеуге жол бермеу мақсатында, көптеген өтінішхат бойынша компанияларды («Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» АҚ-ы, «Мейірім» көпбейінді медициналық орталығы, «Орман көшеті» АҚ) құрудан да, одан әрі қызметін жалғастырудан да бас тарту туралы шешім қабылданды.

 

Монополияға қарсы заңнаманың барлық анықталған бұзушылық фактілері бойынша тергеу жүргізілетін болады, Нәтижесі туралы Агенттік қосымша хабарлайды.

 

Агенттіктің Жиынтық талдау және ақпараттық

сүйемелдеу басқармасы

(7172) 74-96-33

http://www.azk.gov.kz/

 


артқа
test