Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Қорғау Агенттігі (Монополияға Қарсы Агенттік)

Архив новостей


Тауар нарықтарындағы бәсекелестік қандай деңгейде?



GISMETEO: Погода по г.Астана

Курсы валют Нацбанка РК
prodengi.kz
Логин:


Пароль:









 

 «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 
20 жылы»

«20 лет мира и созидания»


Басты бет » Жаңалықтар

Жаңалықтар таспасы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

27 қыркүйектің 2011 ж.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінде (Монополияға қарсы агенттік) Басқарма отырысы өтті.

 

Басқарма отырысында монополияға қарсы бұзушылықтарды тергеу қорытындылары қаралды.

 

Агенттік жүргізген тергеулер барысында мына нарық субъектілерінен ЖЖМ өткізуде бағаны белгілеу және ұстап тұру бойынша бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдар фактілерін растады: Алматы облысы және Астана қаласы бойынша «Заңғар» ЖШС, «El Dar Ai» ЖШС, «DARA INTERNATIONAL» (ДАРА ИНТЕРНЕШНЛ) ЖШС, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Гелиос» ЖШС, «Востокнефтеснаб» ЖШС, ЖК А.В. Зинюков., ЖК В.Ю. Пожелаев., ЖК Н.Ю. Мукенева, «Кенжемұнай» ЖШС, «Авантаж Ойл» ЖШС, ЖК «И.Н. Тагиров», ЖК «М.Б. Саршолақов»,  ЖК «Х.З. Ақсақтеміров» экономикалық негізсіз себептермен ЖЖМ өткізуде бөлшек  сауда бағасын көтерген.

 

Агенттік сондай-ақ «Refinery Company RT» ЖШС-ның объективті түрде өзін ақтамайтын себептермен («Бәсекелестік туралы» ҚРЗ 13-бабы (2-тт)  маңызы бірдей келісімдерге әр түрлі баға қолдану бөлігіндегі үстем жағдайды теріс пайдаланған фактілерін белгіледі.

 

Қостанай облысы бойынша «Иволга-Холдинг» ЖШС және «Эталон АвтоКостанай» ЖШС («Бәсекелестік туралы» ҚРЗ 11-бабы 2-тармақшасы) дизель отынын өткізуді негізсіз шектеу бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер фактілері белгіленді.

 

Аталған субъектілер қолмақол есеппен дизель отынын бөлшек саудада өткізуді шектеп, дизель отынын талон және ҚР МГМ белгілеген шекті бағадан біршама көтеріп өткізген.

 

Электр энергиясын жеткізуді негізсіз тоқтату бөлігіндегі үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері «Астанаэнергосбыт» ЖШС жекелеген лауазымды тұлғаларының іс-әрекетерінде белгіленді («Бәсекелестік туралы» ҚРЗ 13-бабы (7-тт).

 

Көрсетілген тергеу қорытындысы бойынша Басқарма ӘҚтК 147-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғау туралы шешім қабылдады.

 

Бірқатар нарық субъектісінің іс-әрекеттерінде жосықсыз бәсекелестік фактілері расталды, оларға қатысты Басқарма әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім қабылдады:

- «REM.KZ» ЖШС (дәйексіз ақпаратты тарату «Бәсекелестік туралы» ҚРЗ 16-бабы 2-т., (5-тт);

- «ЗСК и К» ЖШС («Эталон» сауда орталығы) (Серіктестік жалға алушыларға тұтынушылардың құқығына қысым жасайтын заңсыз қосымша талаптар белгілеген, өзінің мазмұны бойынша немесе іскерлік айналым дәстүріне сай мәміленің нысанасына қатысы жоқ  сауда орталығы аумағында «Ремалюкс» өнімін өткізуге тыйым салуды енгізу бөлігінде.

- «Perpective Technologies» ЖШС (сатушыны (өнім берушіні) байкот жасауға шақыру) «Бәсекелестік туралы» ҚРЗ 16-бабы 2-т., (7-тт).

Талдықорған қаласы бойынша нан өндірісімен айналысатын бірқатар кәсіпкерлерге қатысты тауар өндіруді не өткізуді негізсіз шектеу бөлігіндегі бәсекелестікке қарсы келісімдер фактілері бойынша тергеу қорытындылары бекітілді, олар 1 сұрыпты бидай ұнынан формалық нанды өткізу бағасын 27,9%-ға негізсіз көтерген (бөлкесі 43-тен 55 теңгеге дейін).

Бұл ретте, аталған субъектілер азық-түлік бидайынан өндірілген, тұрақтандыру қорынан тоннасын 26 500 тг баға бойынша сатып алған, кг-н      45 тг тіркелген баға бойынша дотациялық (арзандатылған) ұнды сатып алған.

Нанға бағаның өсуін өнім берушілер өнімнің сапасын арттыру үшін барынша қымбат ұн сатып алумен байланыстырды.

Тергеу шеңберінде, дотациялық ұнды басқа ұнмен араластыру қажеттігінің себебін белгілеу үшін сараптама жүргізу тағайындалды, оның нәтижесі нан өндірушілердің араластырмай нан өндіруге мүмкіндіктері бар екенін көрсетті, ақыр соңында, нанға бағаның негізсіз өсуіне жол берілмес еді.

Бұл ретте, бірқатар адал наубайшылар бір бөлке нанды 43 теңгеден шығаруды жалғастыра берді.

 

«Шығысэнерготрейд» ЖШС іс-әрекеттерінде электрмен жабдықтауға арналған шартқа қайтадан қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін, тұтынушылардың заңды құқығына қысым жасауға әкеп соғатын нормаларды енгізу бөлігіне үстем жағдайды теріс пайдаланған фактісі расталды («Бәсекелестік туралы» ҚРЗ 13-бабы).

 

Басқармада сондай-ақ «Алматы қ. Кедендік бақылау департаменті» ММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, «Ақтау қалалық сәулет және қалақұрылыс бөлімі» ММ – мемлекеттік органдарға қатысты тергеулердің нәтижелері қаралды. Бірқатар лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке, кейбір тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілетін болады.

 

Тергеу қорытындысы бойынша Басқарма ӘҚтК 147-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешім қабылады.

 

Басқарманың отырысында экономикалық шоғырлануға өтінішхаттар қаралды. Көпшілігіне оң шешім қабылданды, өйткені мақұлданған мәміленің нәтижесінде бәсекелестікке теріс әсер етуге қабілетті шоғырлану бәсеңдейді.

 

Тауар нарықтарына жүргізілген талдаулардың нәтижесі бойынша Басқарма құрама жем, кебекті көтерме саудада өткізу нарықтарында, трафикке қосу және босату бойынша қызметтер нарығында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

 

 

Агенттіктің Жиынтық талдау және ақпараттық  сүйемелдеу басқармасы

(7172) 74-96-31

http://www.azk.gov.kz/


артқа
test