Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Қорғау Агенттігі (Монополияға Қарсы Агенттік)

Архив новостей


Тауар нарықтарындағы бәсекелестік қандай деңгейде?



GISMETEO: Погода по г.Астана

Курсы валют Нацбанка РК
prodengi.kz
Логин:


Пароль:









 

 «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 
20 жылы»

«20 лет мира и созидания»


Басты бет » Жаңалықтар

Жаңалықтар таспасы

Ақпараттық хабарлама

29 қыркүйектің 2011 ж.

2011 жылғы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының мемлекеттік қатысуымен монополияға қарсы заңнаманың мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың одан әрі қызметі бөлігін түсіндіру» тақырыбына семинар өтті.

Іс-шараға облыстың мемлекеттік органдары мен мемлекеттік кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) төрағасының орынбасары Е.А. Әлімқұлов семинарды ашып, тақырыптың өзектілігін атап өтті.

«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының негізгі ережелері және мемлекеттік мүлікті басқару жүйесі туралы ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры И.А. Шварцкопф таныстырып өтті.

ҚР Қаржы министрлігі ММЖК-нің ШҚО бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру өңіраралық департаментінің  «Ертіс» филиалының бастығы Т.К. Іргебаев ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелндіру комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің көрсетілген Заңды іске асырудағы рөлі туралы айтты.

Агенттіктің Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы Л.М. Устьянцева Инспекцияның Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындардың және АҚ-ның (ЖШС) қызметтерін ретке келтіру бойынша жүргізілген жұмыстары туралы хабарлады.

Семинар қатысушыларға мемлекеттік органдардың өкілдерімен көптеген мемлекеттік кәсіпорындарда жиі ұшырасатын проблемалық мәселелер төңірегінде талқылауға мүмкіндік берді.

Семинар «Нарық және бәсекелестік» журналының тұсаукесерімен аяқталды, журнал беттерінде бәсекелестік саясаттың жаңа даму және монополияға қарсы заңнаманы практикада қолдану мәселелері жарық көреді.

«Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ-ның осындай көшпелі семинарлары жүйелі, мерзімді негізде жүргізіледі.


артқа
test