Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Қорғау Агенттігі (Монополияға Қарсы Агенттік)

Архив новостей


Тауар нарықтарындағы бәсекелестік қандай деңгейде?



GISMETEO: Погода по г.Астана

Курсы валют Нацбанка РК
prodengi.kz
Логин:


Пароль:







 

 «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 
20 жылы»

«20 лет мира и созидания»



Басты бет » Жаңалықтар

Жаңалықтар таспасы

Баспасөз релизі

23 қарашаның 2011 ж.

2010 жылғы шілдеде монополияға қарсы орган роуминг қызметіне қосылу үшін шекті мәндерді белгілеу арқылы үстем жағдайын теріс пайдалану фактісі бойынша «Кар - Тел» ЖШС-ның (ұялы байланыс операторы) монополияға қарсы заңнаманы бұзуын тергеу аяқталды.

Анықталған фактілер бойынша ӘҚтК-ның 147-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды және оны қарау және операторды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Алматы қаласының әкімшілік сотына жіберілді.

Алайда «Кар - Тел» ЖШС-ның өтініші бойынша істің аталған санатын қарау әкімшілік соттың құзыретіне жататындығына қарамастан, Астана қаласының экономикалық соты өзінің 2010 жылғы 19 қазандағы шешімімен тергеу қорытындыларын заңсыз деп таныды.

Астана қаласының соты өзінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы және 2011 жылғы 17 ақпандағы қаулыларымен экономикалық соттың ұстанымын қолдады.

Монополияға қарсы орган жоғарыда көрсетілген сот актілеріне қадағалау наразылығын енгізуді сұрай отырып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына өтініш беруге мәжбүр болды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы даудың дұрыс шешілмеуіне әкеп соққан сот актілеріндегі бұзушылықтардың бар екендігін анықтап, наразылықты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына енгізді.

2011 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау алқасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының наразылығын қанағаттандырды, экономикалық сотта іс жүргізуді тоқтата отырып, жоғарыда көрсетілген барлық сот шешімдерінің күші жойылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама «Кар – Тел» ЖШС-ны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік сотқа жіберілді.

  


артқа
test