Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Қорғау Агенттігі (Монополияға Қарсы Агенттік)

Архив новостей


Тауар нарықтарындағы бәсекелестік қандай деңгейде?



GISMETEO: Погода по г.Астана

Курсы валют Нацбанка РК
prodengi.kz
Логин:


Пароль:







 

 «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 
20 жылы»

«20 лет мира и созидания»



Басты бет » Жаңалықтар

Жаңалықтар таспасы

Ақпараттық хабарлама

15 желтоқсанның 2011 ж.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінде (Монополияға қарсы агенттік) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.

         Қазақстан Тәуелсіздігінің күні 16 желтоқсан – басты мемлекеттік мереке. Қазақстан үшін бұл күн Мемлекеттік егемендік туралы декларацияға қол қойған кезден бастап тарихи және есте қалатын күн болып табылады.

         2011 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігінде (Монополияға қарсы агенттік) Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күні» ұлттық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

         Агенттік құттықтау сөзінде былай деді: «Бүгінгі Тәуелсіздік Күні – ең үлкен мереке, әрбір қазақстандық үшін ұлы күн десе де болады, дәл осы күнге біз өзіміздің табысымызбен, жетістігімізбен, бүгінгі қуанышымызбен, сенімімізбен міндеттіміз».

         Тәуелсіздік күні салтанатты күн қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 172 Жарлығына сәйкес мемлекеттің дамуы мен қалыптасуына, Қазақстан Республикасы егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқандары үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына байланысты бірқатар қызметкерлер мемлекеттік наградалармен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, Агенттік төрағасының құрмет грамоталарымен марапатталды.

         Бұл күні мерекелік жағдайда, мемлекеттік қызметке алғаш рет кіріскен Агенттіктің жас мамандары Отанға және халыққа қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.

         Бұдан басқа, бұқаралық ақпарат құралдарының арасында өткізілген «Бәсекелестік-БАҚ-2011» атты конкурс бойынша мемлекеттік саясат мәселелерін ең үздік көрсеткен жеңімпаздарды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімі өтті. Аталған конкурс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің және Қазақстанның монополияға қарсы органының 20-жылдығына арналды. Марапатталған журналистер РИА «Арна» ЖШС-дан О.В. Шкрет (Павлодар қ.), «Мой город» қоғамдық-саяси газетінен М. В. Кирилюк (Өскемен қ.), «Қазақстан» РТРК-дан М. Жанбаев, «Қазинформ» ҰК АҚ-дан К.М. Тоқабаев. Бұл конкурс жыл сайын өткізілетін болып шешілді.

Салтанатты іс-шара Агенттік басшысының «Тұрақтылық тек қана елде емес, сонымен бірге әрбір отбасыда болсын, жақын туыс-туғандарыңызға бақыт, денсаулық, табыстар тілеймін, барлық тілектеріңіз орындалсын» деген жылы тілегімен аяқталды.

 

 


артқа
test