Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Қорғау Агенттігі (Монополияға Қарсы Агенттік)

Архив новостей


Тауар нарықтарындағы бәсекелестік қандай деңгейде?



GISMETEO: Погода по г.Астана

Курсы валют Нацбанка РК
prodengi.kz
Логин:


Пароль:







 

 «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 
20 жылы»

«20 лет мира и созидания»



Басты бет » Жаңалықтар

Жаңалықтар таспасы

Баспасөз релизі

14 желтоқсанның 2011 ж.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінде (Монополияға қарсы агенттік) Алқа отырысы өтті.

 

         Алқа отырысында «Бәсекелестік туралы» Заңға сәйкес мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындар, АҚ, ЖШС-ның және олармен аффилиирленген тұлғалардың бәсекелес ортадағы қызметін ретке келтіру бойынша Агенттік жүргізген жұмыс қорытындысы шығарылды.

         Агенттік жүргізген жұмыс экономикадағы квазимемлекеттік құрылымның елеулі үлесін  (6 000 ұйымнан астам), сондай-ақ экономиканың бірқатар салалары негізсіз монополияланғанын көрсетті.

Мемлекеттік кәсіпорындар бәсекелестігі жеткілікті дамыған нарықтарда жұмыс істей отырып, мемлекеттік органдардың үнемі заңды қолдауын ала бермейді, яғни шағын және орта бизнес субъектілерінің алдында қосымша артықшылықтар тудырады. Мемлекеттік кәсіпорындарды құру көбінесе кәсіпорындар шығаратын тауарлардың әлеуметтік сұранысына емес, ал бюджеттік қаражатты игеру қажеттілігіне байланысты. Кәсіпорын қызметерін қайталау жиі орын алады, заңдарда тікелей тыйым салынған мемлекеттік органдардың функциясын орындайды.

«Бәсекелестік туралы» Заңның 77 және 78-баптарын іске асыру уақытында ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындардың және заңды тұлғалардың одан әрі жүргізетін қызметіне келісім беру туралы 5 487 өтінішхат қаралды, олардың 5 002-не одан әрі жүргізетін қызметіне келісім берілді, ал 465-не одан әрі жүргізетін қызметіне келісім беруден бас тартылды.

Осылайша, мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың саны төмендейтін болады. Бұл шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға оң әсерін тигізеді.

«Бәсекелестік туралы» Заңның 77, 78-баптарына сәйкес одан әрі жүргізілетін қызметіне монопоплияға қарсы органның келісімін алмаған акцияларының (үлестерінің) 50%-дан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген тұлғалардың акциялары (үлестері) 2012 жылғы 1 сәуірге дейін сауда-саттыққа қойылуы тиіс.

Одан әрі жүргізетін жүргізетін қызметіне оң қорытынды алмаған мемлекеттік кәсіпорындар жекешелендірілуі немесе мемлекеттік мекеме болып қайта құрылуы тиіс.

Қазіргі уақытта Агенттіктің аумақтық бөлімшелері әкімдіктің тиісті мекемелерімен бірлесіп одан әрі жүргізетін қызметіне келісім беруден бас тарту алған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды бәсекелес ортаға беру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Агенттіктің орталық аппараты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты осындай рәсімдерді жүргізуде.

Алқа отырысында сондай-ақ Агенттіктің аумақтық бөлімшелері және орталық аппаратының жанынан жеке тұлғалар (тұтынушыларды) және нарық субъектілерін қабылдау үшін тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері мен нарық субъектілерінің қатысуымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қоғамдық қабылдаулар қызметі туралы мәселені қарады. Қазіргі уақытта мұндай қабылдау бөлмелері құрылды және барлық облыстық орталықтарда, Астана және Алматы ққ. жұмыс істейді. Бұдан басқа, аптасына бір рет азаматтарды қабылдауды жүзеге асыратын қоғамдық қабылдау бөлмесі Агенттіктің орталық аппаратының жанында да жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау уақытында тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша консультациялық заңгерлік көмек көрсетіледі. Бұдан басқа, ағымдағы жылғы желтоқсанда Агенттіктің орталық аппаратында және оның аумақтық бөлімшелерінде жүргізілген «Ашық есіктер күні» шеңберінде нарық субъектілерінің өкілдерін қабылдау жүзеге асырылды. Азаматтардың өтініштерін талдауы тұтынушылар үшін барынша проблемалық мәселелер э/энергиясына, жалпы үй қажеттілігіне, ТҚҚ әкетуге төлем, есепке алу аспабын тексеру мәселелері болып табылатынын көрсетті. Алқада сондай-ақ тұтынушылардың өтініштерін қарау бойынша жұмысқа тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін, қауымдастықтарды (одақтарды) тарту бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігі туралы атап өтілді.

Бұдан басқа, Алқада азық-түлік тауарлары және ЖЖМ нарығындағы жағдай туралы мәселелер қаралды. Агенттік Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 23 маусымдағы №88-ө құрылған Ішкі және сыртқы нарықтарда азық-түлік тауарларына баға бойынша жағдайға мониторинг, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар өңдеу және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын басқарады.

Агенттік азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне бағаның өсуіне байланысты, сондай-ақ 2011 жылдан бастап жүргізілген тергеулер шеңберінде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұру мақсатында 80 нарық субъектісінің қызметі талданды, солардың нәтижесі бойынша бағалық сөз байласу, үстем жағдайды теріс пайдалану және жосықсыз бәсекелестік фактілері бойынша 48 әкімшілік іс қозғалды.

Ағымдағы жылы ЖЖМ өткізу нарығына бағаның өсуіне байланысты Агенттік ЖЖМ-ны көтерме және бөлшек саудада өткізетін 100-ден астам нарық субъектілеріне қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарына тергеу рәсімдері тағайындалды, оның ішінде қаржы полициясы органдарының қызметкерлері де тартылды.Тергеу көптеген нарық субъектілері тарапынан бағаны көтеру және ЖЖМ өткізу көлемін шектеу үшін экономикалық негізді себептердің жоқ екендігін көрсетті. Монополияға қарсы заңнаманы бұзудың барлық анықталған фактілері бойынша Агенттік кінәлі тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тартады.

Тауар нарықтарында тұрақсыздық орын алғанда, бағаның негізсіз алыпсатарлық өсімін болдырмау және жедел ден қоюды қамтамасыз ету мақсатында Агенттік аумақтық бөлімшелерге азық-түлік тауарлары және ЖЖМ нарықтарындағы жай-күйге мониторинг жүргізу және талдау бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.


артқа
test