Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Қорғау Агенттігі (Монополияға Қарсы Агенттік)

Архив новостей


Тауар нарықтарындағы бәсекелестік қандай деңгейде?


Басты бет » Жаңалықтар

Жаңалықтар таспасы

13.04.2012

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінде (Монополияға қарсы агенттік) Әдістемелік кеңестің отырысы өтті.

 

Агенттіктің әдістемелік кеңесінде бірқатар нарық субъектілеріне қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы туралы мәліметтерді алдын ала қарау нәтижелері қаралды.

Механикалық көлік құралдарын және оларға тіркемелерді техникалық байқаудан өткізуге келісілген бағаларды белгілеу және қолдау бөлігінде Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының және Астана қаласының техникалық байқау орталықтарының іс-әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің белгілері анықталды. Аталған техникалық байқау орталықтары іс жүзінде техникалық байқауға бағаларды бір деңгейде белгілеген, сондай-ақ әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысанына, техникалық базасына, штат санына, әр түрлі жұмыс режиміне және осы қызметтердің әр түрлі құнына қарамастан тарифтерді қосарлас төмендеткен және көтерген.

«Газгидроэл» ЖШС-ның қызметіне байланысты көрінеу жалған, дәйексіз мәліметтерді тарату арқылы оның беделін түсіру бөлігінде, сондай-ақ сатып алушылардың «Газгидроэл» ЖШС-мен шарттық қатынастарды орнатудан бас тартуға бағытталған іс-әрекеттері ұйымдастыру арқылы «Газгидроэл» ЖШС-ға бойкот жасауға шақыру бөлігінде «Қарағанды Су» ЖШС-ның іс-әрекеттерінде жосықсыз бәсекелестік белгілері байқалды.

Нарық субъектісіне қосымша міндеттемелер қабылдату жолымен келісімдер жасасуға күштеп таңу бөлігінде «Ақмола мемлекеттік жерге орналастыру институты» жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (МемжерҒӨО)» РМК ЕМК-нің іс-әрекеттерінде үстем жағдайын теріс пайдалану белгілері байқалды.

Сондай-ақ «Ақтөбе қаласының Жер қатынастары бөлімі» ММ-нің іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2004 жылғы 7 қыркүйектегі № 72-Б бұйрығымен бекітілген Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқару ережелерінің талаптарын сақтамаудан, сондай-ақ жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарын алу кезінде тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасауға әкелген шешімдерді қабылдаудан және өзге де іс-әрекеттерді жасаудан көрінетін бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер белгілері анықталды.

Монополияға қарсы заңнаманы бұзудың анықталған фактілері бойынша тергеулер жүргізілетін болады, оның нәтижелері туралы Агенттік қосымша хабардар етеді.

           

 

Агенттіктің Жиынтық талдау және ақпараттық сүйемелдеу басқармасы

(7172) 74-96-31

www.azk.gov.kz


артқа
test