Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Қорғау Агенттігі (Монополияға Қарсы Агенттік)

Архив новостей


Тауар нарықтарындағы бәсекелестік қандай деңгейде?


Басты бет » Жаңалықтар

Жаңалықтар таспасы

03.05.2012

Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізді.

Заң жобасы 2011 жылғы 8 шілдеде ратификацияланған және Кедендік одаққа қатысушы елдердің монополияға қарсы заңнамасын үйлестіруді көздейтін Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге сәйкес әзірленді. Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге сәйкес әзірленді. Жекелеп алғанда ұлттық заңнамада теңдіктің негізгі қағидаттарын бекітеді және Кедендік одаққа мүше тараптардың нарық субъектілеріне монополияға қарсы заңнама нормаларын қолданған кезде бірыңғай қағидаттарды белгілейді.

Заң жобасы:

1. Нарық субъектілері үшін әкімшілік тосқауылды:

- экономикалық шоғырлану болып танылған және монополияға қарсы органмен алдын ала келісуге жататын 5 мәміленің 2 түріне хабарламалық тәртіп енгізу арқылы азайтуға (нарық субъектісінің басқа нарық субъектісіне орындау үшін міндетті нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құқықтарды сатып алуы, белгілі бір жеке тұлғалардың екі және одан да көп нарық субъектілерінің атқарушы органдарына, директорлар кеңесіне, байқаушы кеңестеріне немесе басқарудың басқа да органдарына қатысуы);

- нарық субъектісі жүзеге асыратын мәміле экономикалық шоғырлану болып танылатын және монополияға қарсы органмен келісуге жататын тауарларды өткізудің жиынтық көлемінің шекті мәнін 5 есеге ұлғайтуға бағытталған, яғни АЕК екі миллион есе мөлшерімен тауарларды өткізудің жиынтық көлемін АЕК он миллион есе мөлшеріне дейін ұлғайтылады (экономикалық шоғырлану болып танылған және монополияға қарсы органмен келісуге жататын мәмілелердің саны кемінде 30% пайызға қысқартылады).

2. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасауға жағдай туғызатын нормаларды алып тастау, жекелеп алғанда монополияға қарсы органның егер нарық субъектілері өздерінің іс-әрекеттеріндегі оң әсер экономикалық шоғырлану жүзеге асырылатын тауар нарығында келеңсіз салдарды арттыратынын дәлелдеген жағдайда, экономикалық шоғырлануға келісім беру құқығын алып тастау;

3. тергеу жүргізу кезінде іс жүргізу әрекеттерін құқықтық реттеу, жекелеп алғанда жекелеген терминдер мен түсініктерді нақтылау арқылы тетіктерді жетілдіру, сондай-ақ монополияға қарсы органға БАҚ-та жарияланған ақпараттың түсуін монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарға тергеуді бастау үшін негіздердің бірі ретінде айқындау, бұл Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Заң жобасын қабылдау:

жоғарыда көрсетілген Келісімде белгіленген қағидаттар мен қағидаларға сәйкес ұлттық монополияға қарсы заңнаманы үйлестіру бойынша Кедендік одақтың мүшесі ретінде Қазақстан Республикасы алған міндеттемені іске асыруға;

нәтижесінде шағын және орта бизнестің кәсіпкерлік қызметіне, сондай-ақ елдің экономика секторларында дамуына оң әсер ететін бизнес субъектілері үшін әкімшілік кедергіні қысқартуға;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы монополияға қарсы заңнамасын жетілдіруге мүмкіндік береді.

 

Заң жобасының мәтіні Агенттіктің сайтына орналастырылды.


артқа
test