Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Қорғау Агенттігі (Монополияға Қарсы Агенттік)

Архив новостей


Тауар нарықтарындағы бәсекелестік қандай деңгейде?



GISMETEO: Погода по г.Астана

Курсы валют Нацбанка РК
prodengi.kz
Логин:


Пароль:







 

 «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 
20 жылы»

«20 лет мира и созидания»



Cайтқa кірушілерге көмек

Монополияға қарсы органның қызметімен байланысты оларды қызықтарын жауаптарды іздеуге, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманың нормаларына түсіндірмелерді (түсіндірулерді) талап ететін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) сайтына кірушілерге көмек беру жадынамасы

Құрметті біздің сайтты пайдаланушылар, сайтқа қош келдіңіздер және сіздерге пайдалы болуға тырысамыз!

Сіздің жедел түрде толық ақпарат алуыңыздың маңыздылығын ескере отырып, қажетті жауаптарды іздеуді жеңілдету және сіздің уақытыңызды үнемдеу мақсатында мынадай тәртіптерді сақтауды ұсынамыз:

1. мынадай:
- мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындардың және заңды тұлғалардың қызметі;
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
- экономикалық шоғырлану;
- монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеу;
- Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі және басқа да кіші бөлімдерден тұратын «Монополияға қарсы заңнаманы түсіндіру» бөліміне кіру.
Осы бөліммен танысу көп жағдайларда қажетті ақпаратты іздеуге көмектеседі.

2. Келесі қадам Агенттік төрағасының блогында, «Сұрақ-жауап» бөлімінде орналасқан сұрақтар мен жауаптарды зерделеу болуы мүмкін, онда сіз сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.

3. Егер сіз өзіңізді қызықтыратын сұраққа жауап таба алмаған жағдайда, онда сіз оны төрағаның блогы немесе «Сұрақ-жауап» бөлімі арқылы қоя аласыз.

Блог мемлекеттік орган басшыларының қалың бұқарамен ақпараттық-коммуникативтік желілер арқылы интерактивтік сөйлесуге арналған платформа ғана болып табылады.

Бұл ретте авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, өтініш берушінің почталық мекенжайы жоқ өтініш жасырын өтініштің санатына жатады, олар қарауға жатпайды. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блогтарына келіп түскен және Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес келмейтін өтініштер бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексерулерді ұйымдастыруға тыйым салынады.

Қандай да бір құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер сайттың «Монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері туралы хабарлама» деген бөлімінен блогқа, сенім телефоны және e-mail-ға түскен жағдайда адресатқа заңнамада белгіленген тәртіппен өтініш беру ұсынылады. Яғни тергеу жүргізуді талап ететін бұзушылықтар бойынша өтініш берушілер растайтын материалдарды қоса бере отырып, мемлекеттік органға ресми түрде өтініш беруі қажет.

Осы Жадынама пайдалы болады деп сенеміз және сіздер қажетті жауаптарды таба аласыздар, жұмыста пайдалы жаңа ақпарат пен ұсынымдарды ала аласыздар!

test