Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Қорғау Агенттігі (Монополияға Қарсы Агенттік)

Архив новостей


Тауар нарықтарындағы бәсекелестік қандай деңгейде?



GISMETEO: Погода по г.Астана

Курсы валют Нацбанка РК
prodengi.kz
Логин:


Пароль:







 

 «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 
20 жылы»

«20 лет мира и созидания»



Агенттік туралы

Монополияға қарсы агенттікті құрудың қысқаша тарихы

Қазақстанның монополияға қарсы органының қалыптасуы «Бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақ Советтік Социалистік Республикасының 1991 жылғы 11 маусымдағы Заңын қабылдағаннан бастап бастау алады. Бұл экономикалық реформаның жаңа жағдайында кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесетін елдің ең алғашқы «нарықтық» заңдарының бірі болатын.

Қабылданған заңға сәйкес Қазақ ССР Президентінің Жарлығымен Қазақ ССР-дің Жаңа экономикалық құрылымды қолдау және монополистік қызметті шектеу жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды және 1991 жылғы 31 тамызда «Қазақ ССР Жаңа экономикалық құрылымды қолдау және монополистік қызметті шектеу жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәселелері» туралы № 428 қаулысына қол қойылды.

Комитет Республика Президентінің қарамағында болды, Жоғарғы Кеңеске есеп берді. Комитет өте жоғары мәртебеге ие болды, ел басшысы кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне үлкен мән берді.

Комитеттің бірінші төрағасы болып Христиан Давидович Дриллер тағайындалды.

Комитеттің негізгі міндеттері кәсіпкерлікті қолдау, бәсекелестікті дамыту, монополиялық қызметтің алдын алу және жолын кесу, үстем жағдайды теріс пайдалану, монополияға қарсы заңнаманың сақталуын бақылау болып белгіленді. Комитеттің функциялары мен өкілеттіктері аса ауқымды болды. Ол нарықтың жұмыс істеуіне және бәсекелестікті дамытуға қатысты заң жобалары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге сараптамалар жүргізді. Кәсіпкерлікті қолдау, жаңа экономикалық құрылымдарды құру, нарықта бәсекелестікті дамыту жөнінде шаралар әзірледі. Бұдан басқа, Комитет Жоғарғы Кеңеске, Президентке және елдің Министрлер Кабинетіне нарықтың және ондағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы баяндамалар, монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынды.

Комитеттің жанында жаңа бәсекелес өндірістерді құруға және дамытуға жеңілдік кредиттерін ұсынатын Кәсіпкерлікті қолдау қоры жұмыс істеді.
1992 жылы Комитет Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет болып қайта құрылды және Министрлер Кабинетінің құрамына енгізілді. Комитет төрағасы болып Петр Владимирович Своик тағайындалды.

Осы кездерде мынадай министрліктерге: ұлттық холдингтер болып қайта құрылған Жеңіл өнеркәсіп және тұрмыстық қызмет көрсету министрлігіне, Тамақ өнеркісібі министрлігіне, ҚазССР-нің Главснабқа монополиясыздандыру жүргізілді.

Одан әрі Комитет 1994 жылы Бағалар жөніндегі комитетіне бірігу жолымен қайта ұйымдастырылды және ұзақ уақыт Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет (БМСМК) ретінде жұмыс істеді. 1996 жылы Комитетті Николай Владимирович Радостовец басқарды.

Комитет тұрғын үй-коммуналдық реформасын іске асыруды жүзеге асырды, қалалық жолаушылар көлігі мен қалааралық жолаушылар тасымалын монополиясыздандыруды жүргізді, сондай-ақ «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңның нормаларын іске асыру жөнінде үйлестіру функцияларын орындады. Осының арқасында республикада 100-ден астам тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғам пайда болды және Жоғарғы Сотпен ынтымақтастықта Қазақстанда консьюмеризмді одан әрі дамытуға жәрдемдесетін «Тұтынушылар құқын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» 1996 жылғы 25 шілдедегі № 7 қаулысы қабылданды.

1998 жылы Комитеттің бастамасы бойынша «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әзірленді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 13 қазандағы Жарлығымен Комитет Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі болып қайта құрылды. Жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан өңірлерінде Агенттікке тікелей бағынысты болатын аумақтық монополияға қарсы департаменттер құрылды.

Агенттікті Алтай Абылайұлы Тілеубердин басқарды.

Одан әрі 2000 – 2004 жылдар аралығында Агенттікті Берік Мәжитұлы Имашев, Ерболат Асқарбекұлы Досаев, Ораз Әлиұлы Жандосов және Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев басқарды.

Президенттің 2003 жылғы 13 маусымдағы № 1107 Жарлығымен Агенттік Президенттің бағынысына берілді, бірақ бір жылдан кейін Президенттің 2004 жылғы 9 маусымдағы № 1382 Жарлығымен Агенттік Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына қайтарылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес табиғи монополияларды реттеу жөніндегі және бәсекелестікті қорғау жөніндегі функциялар бөлінді. Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне бағалық реттеу функциялары, ал бәсекелестікті қорғау жөніндегі функциялар  Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне берілді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы № 425 Жарлығына сәйкес таратылған Бәсекелестікті қорғау комитетінің орнына Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 50 қаулысымен Агенттік Төрағасы болып Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысымен Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ереже бекітілді.
test