Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Қорғау Агенттігі (Монополияға Қарсы Агенттік)

Архив новостей


Тауар нарықтарындағы бәсекелестік қандай деңгейде?



GISMETEO: Погода по г.Астана

Курсы валют Нацбанка РК
prodengi.kz
Логин:


Пароль:







 

 «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 
20 жылы»

«20 лет мира и созидания»



Консультативтік-кеңесші органдар


Алқа


Агенттік алқасы Төрағаның жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және өз қызметін оның басшылығымен жүзеге асырады.Алқа өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметтің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
Төраға Агенттік алқасының төрағасы болып табылады. Жауапты хатшы, төрағаның орынбасарлары (лауазымдары бойынша), Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және өзге де лауазымды адамдар Агенттік алқасының мүшелері болып табылады.



Алқаның материалдары


Әдістемелік кеңес


Әдістемелік кеңес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі – Агенттік) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Әдістемелік кеңестің негізгі мақсаты бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметке жол бермеу саласында мемлекеттің саясатын әзірлеу және іске асыру, жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу және жою, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жетілдіру; қолданыстағы және жаңа нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талдау; тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдау және бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу; Қазақстан Республикасының Үкіметіне жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есеп дайындау; Тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне(н) енгізу (шығару) туралы шешім қабылдау; Агенттік қызметінің өзге де мәселелері бойынша мәселелерді қарау және ұсыныстар әзірлеу болып табылады.



Әдістемелік кеңесінің материалдары


Сарапшылар кеңесі


Сарапшылар кеңесі – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) жанынан жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына (бұдан әрі - нормативтік құқықтық актілердің жобалары) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мен мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындылар алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін құрылған консультативтік-кеңесші орган.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің 2008 жылғы 23 мамырдағы № 104-НҚ бұйрығымен «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесінің 7-тармағына сәйкес Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу жөніндегі комиссия құрылды.

Осылайша, мынадай қоғамдық бірлестіктер аккредиттелді:
«Қазақстандық электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ;
Еуразия өнеркәсіптік қауымдастық;
«Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» ЗТБ;
«Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ;
«Қазақстанның тауар өндірушілері және экспорттаушылар одағы» РЗТБ;
«Шағын және орта бизнесті дамыту федерациясы» ЗТО;
«Қазақстан тұтынушыларың лигасы» ЗТБ;
«Қазақстанның ФармМедИндустриясы» Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерін өнждірушілер қауымдастығы» ЗТБ;
«Қайталама металлургия өнеркәсіпшілерінің республикалық одағы» ЗТБ.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2008 жылғы 18 маусымдағы № 128-НҚ бұйрығымен «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес Сарапшылар кеңесі құрылды, оның құрамына аккредиттелген заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің қызметкерлері кірді.



Сарапшылар кеңесінің материалдары

басы | бұдан бұрынғы | 1 | келесі | соңы
test